«Адал ұрпақ» мектеп клубтарының көшбасшыларына арналған слет
01.05
0
30 сәуір күні Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының көшбасшыларына арналған слет өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін дамыту, адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ «Адал ұрпақ» қозғалысына қатысушылар арасында тәжірибе алмасу.
Слетке қаламыздың 13 мектебінен келген командалар қатысты.
Слет бағдарламасы аясында: • Салтанатты ашылу рәсімі; • адалдық пен азаматтық жауапкершілік тәрбиесіне арналған пленарлық отырыс; • «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны; • мектеп клубтарының үздік жобаларын таныстыру; • қорытынды шығару және марапаттау рәсімі (сыйлықтар, дипломдар, сертификаттар табыстау); • жабылу салтанаты.
«Брейн-ринг» интеллектуалдық ойынының нәтижелері: 1 орын — Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп 2 орын — Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі 3 орын — №5 жалпы білім беретін мектеп
Жобаларды қорғау бойынша нәтижелер: 1 орын — Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі 2 орын — Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі 3 орын — №1 жалпы білім беретін мектеп
Слетке қатысу оқушылар үшін маңызды тәжірибе болды, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.