Шымкенттегі Changan филиалында Freedom Media Cyber Cup іріктеу кезеңі өтті!
01.06
0
Шымкент қаласындағы Changan автоорталығында Freedom Media Cyber Cup киберфутбол турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Оған “Оңтүстік” футбол командасының ойыншылары қатысып, клуб намысын республикалық деңгейде қорғайтын үздікті анықтады.
🏆 Іріктеу нәтижесінде Али Алихан ең мықты ойыншы ретінде танылды. Енді ол Астана қаласында өтетін турнирде “Оңтүстік” клубының атынан өнер көрсетеді!
Ойыншымызға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз! 🔥⚽🎮