Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Оқушылар сарайында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қыздар арасында волейбол жарысынан Облыстық турнир өтті.

08.05
0
Оқушылар сарайында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қыздар арасында волейбол жарысынан Облыстық турнир өтті.
Турнирдің ұйымдастырушысы Оқушылар сарайы болды.

Турнирге тек қана қыздардан жасақталған барлығы 11 команда қатысып, 130 дан аса қатысушылар үш күн бойы спорттық алаңда бақ сынасты. Жанкүйерлер қызықты да тартысты көріністердің куәсі болды.

Барлық командалардың жақсы, тыңғылықты дайындалғандары көрініп тұрды. Командалар арасындағы тартысты ойындар әркім жеңіске жетуге және әр ұпай үшін күресуге дайын екенін көрсетті. Іс-шара жарыстың салтанатты ашылуымен директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Мангыбаева Бағила Тұрғанбайқызының құттықтап, ҚР Мемлекеттік әнұранын орындаумен және жалынды музыкалық рәсіммен басталды.

Жеңіске деген ұмтылыс, спорттық рухтың нағыз күш-жігері I және II орындар үшін «Жаңа Өзен қаласы» командасы мен Оқушылар сарайының «Каспий» командасы арасындағы ойында көрініс тапты.

Турнирдің көшбасшылары I орын «Жаңа Өзен қаласы» командасына тиесілі болса, II орынды Оқушылар сарайының «Каспий» командасы қанжығасына байлады. III орын – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Жаңа Өзен» командасына берілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда82532
  • Осы аптада22112
  • Кеше1977
  • Бүгін2250
  • Желіде:147

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда15
  • Осы аптада6
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026