Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

«Сахна сыры» үйірмесінің «Қызыл телпек» ертегісінің сахналық қойылымы

10.05
0
Оқушылар сарайында тәрбие бөлімінің біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы іс-шаралар бойынша жылдық жоспарына сәйкес, үйірмелердің «Үйірмеден үйренерім көп менің» атты жылдық есеп беру іс-шарасы аясында «Сахна сыры» үйірмесінің «Қызыл телпек» ертегісінің сахналық қойылымы болды.

Ертегіні сахналаудағы басты мақсат ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге баулу және сипаттай білуге дағдыландыру, өтірік айтпауға, үлкенді сыйлауға, қамқор болуға, жамандық жасамауға тәрбиелеу болды. Ертегіні сахналау барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын, сөз мәнерін жеткізе білуге, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға тырысты.

Қойылым соңынан ертегі кейіпкерлерімен тренинг ұйымдастырылып, балалар өзін еркін ұстап, көпшілік алдында сенімді сөйлеу, әртүрлі рөлдерді сомдап, сахнада өзін қалай ұстауды үйрену жолдарын қаншалықты меңгеріп жатқандарын көрсетті. Балалардың ата-аналары үйірме жетекшісіне ризашылықтарын білдірді.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда82324
  • Осы аптада21904
  • Кеше1977
  • Бүгін2042
  • Желіде:94

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда15
  • Осы аптада6
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026