QJ B League 10-турындағы маңызды ойында «Оңтүстік» командасы өз алаңында жас әрі талантты Қазақстан U-16 құрамасын қабылдап, сенімді жеңіске қол жеткізді.
✅ Есеп: «Оңтүстік» 4:0 «Қазақстан U-16»
Гол авторлары: • ⚽ Элбек Абдукаххаров — дубль • ⚽ Алихан Али • ⚽ Темірлан Ермек
Бұл жеңіс «Оңтүстіктің» турнирлік кестедегі жағдайын нығайтып, көшбасшылық үшін таласта маңызды 3 ұпай сыйлады. Команда жанкүйерлерін қуанта отырып, алдағы кездесулерге сенімді қадам жасады.