21 қыркүйек күні Шымкенттегі «БИІК» спорт кешенінің «Намыс» стадионында QJ League В Лигасының 16-тур ойыны өтеді. Жергілікті «Оңтүстік» футбол клубы-академиясы өз алаңында «Оқжетпес» командасын қабылдайды.
Кездесу сағат 12:00-де басталады. Ойын барысында ауа райы +33°С шамасында болады деп күтілуде. Матч QJ LEAGUE-тің ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.