КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
18.09
0
Облысымыздың көркем еңбек пәні мұғалімдері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында білім беру процесінде құндылықтарды оқушылар бойына сіңіру тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында мұғалімдер: 🔹 білім алушылардың еңбек қабілеті мен дағдыларын дамыту; 🔹 қоғамға пайдалы өнімді еңбек ұйымдастыру; 🔹 техникалық шығармашылық пен өнертапқыштыққа қызығушылықты арттыру; 🔹 кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіру; 🔹 әдістемелік нұсқаулықтар талдау бойынша тәжірибелерін көрсетті.
Оқушыларды құндылықтарға тәрбиелеуде мұғалімдер: 🔹мейірімділік, шыдамдылық, 🔹коммуникабельділік, сыпайылық, 🔹сезімталдық пен әдептілікке баулу арқылы еңбек пен танымдық іс-әрекеттерін тиімді үйлестірді.
Бұл жұмыс жас ұрпақтың рухани дамуына, еңбекқорлыққа және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиесіне жол ашады!