Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Мен және менің ұстазым!» атты экологиялық челлендждің басталғанын хабарлады.
Бұл игі бастама Абай облысының қосымша білім беру ұйымдарының арасында да өткізілді. Челлендждің мақсаты – ұстаздарға деген құрмет пен алғысты білдіру, сондай-ақ бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті арттыру.
Челленджге білім алушылар өз ұстазымен бірге оқу орнының аумағында ағаш отырғызды. Әрбір отырғызылған көшет – Ұстазға деген алғыстың символы!
Экологиялық челлендж нәтижесінде: 🔹 оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы ұстаздың рөлі көрсетілді; 🔹 ұстаздың әр оқушыға жанашыр, дос әрі ақылшы екендігі айқындалды; 🔹 ұстаз еңбегін құрметтеу, сыйластық қарым-қатынастарды дамыту құндылықтары дәріптелді.