Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Абай облысында білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларына арналған облыстық көшпелі семинар-тағылымдама өтті

22.09
0
2025 жылғы 19 қыркүйек күні Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес Көкпекті ауданында «Мектептегі өзгерістерді басқару: заңнамалық өзгерістер, оларды іске асыру» атты семинар-тағылымдама ұйымдастырылды.

Шара барысында Абай ауданы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбенова Дидар Бектұрқызы және «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абламбаева Тоғжан Мақсұтбекқызы заңнамалық өзгерістерге шолу жасап, мектептегі инновацияларды енгізудің тиімділігін тәжірибелік жаттығулар арқылы көрсетті.

Қатысушылар «Құқықтық қателіктер мен тәуекелдер» кейстерін орындап, ішкі нормативтік құжаттарды бейімдеуді үйреніп, өзгерістерді басқарудың әрекет жоспарын бірлесе құруға мүмкіндік алды.

Бұл көшпелі семинар-тағылымдама мектеп директорлары мен орынбасарларының кәсіби дамуына серпін беріп, тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға үлес қосты.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85531
  • Осы аптада21081
  • Кеше4037
  • Бүгін238
  • Желіде:5

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда16
  • Осы аптада7
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026