Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТТЕРІНІҢ РӨЛІ МЕН ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

22.09
0
2025 жылғы 19 қыркүйек күні облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың инклюзивті білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде семинар-практикум ұйымдастырылды.

Мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балаларды сапалы сүйемелдеуде түзеу кабинеттерінің қызметін жүйелеу, озық тәжірибелермен алмасу және практикалық қолдауға бағытталған тиімді тәсілдерді айқындау.

Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті:
• Мадиева Шынар Каримғалиқызы – «ЕББҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі түзеу кабинетінің рөлі»;
• Муканова Айнұр Амангелдіқызы – «Аутистік спектрдегі балалардың эмоциясын реттеу және әлеуметтік бейімделу жолдары»;
• Кабдуллина Фидира Далифқызы – «Ұсақ моториканы дамыту бойынша тәрбиешінің жұмысы»;
• Мукатаева Анара Бақытжанқызы – «Дизартриясы бар балалармен жұмыс. Логопедиялық зондтық массаж»;
• Мукатаева Хамида Оралбекқызы – «Numicon әдісі арқылы математикалық дағдыларды дамыту».

Қатысушылар түзеу кабинеттерінің жұмыс жүйесін жетілдіру, жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу, балалардың қажеттіліктерін уақтылы бағалау және тиімді әдістерді қолдану бағытында тәжірибе алмасты.
Бұл семинар-практикум инклюзивті білім беру саласында кәсіби қолдау көрсетіп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85531
  • Осы аптада21081
  • Кеше4037
  • Бүгін238
  • Желіде:5

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда16
  • Осы аптада7
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026