Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Абай облысының білім беру саласында жаңа серпін!

06.10
0
Семинардың мақсаты – Абай облысы колледж оқытушыларының SCAFFOLD-ты білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытудың тиімді құралы ретінде пайдаланудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Іс-шараға «SCAFFOLD құралын қолдана отырып оқу сабақтарын жобалау» курстарынан өткен 30 колледж оқытушысы қатысты.

«SCAFFOLD: білім берудегі жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында құттықтау сөзбен «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ әдіскері Нұрашева Эльмира Нұрашқызы ашты.

Практикалық бөлімде «М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж» оқытушылары –
Әсия Боранбайқызы Сентаева, Ләззат Байботайқызы Жүнісова, Эльмира Мамырбекқызы Балапанова, Әсел Қайыртайқызы Оразалинова, Гүлназ Айтқалиқызы Мавлитаева SCAFFOLD карточкаларын оқу процесіне енгізу бойынша жобалық топтың жұмысын ұсынды.

Семинар барысында қатысушылар SCAFFOLD карточкаларын оқу-тәрбие процесіне енгізудің тиімді тәсілдерін талқылап, олардың білім алушылардың негізгі құзыреттерін дамытуға ықпалын қарастырды. Сонымен қатар, SCAFFOLD карточкаларын қолдана отырып сабақ жоспарын әзірледі.

Іс-шара тәжірибе, жаңа идеялар және табысты тәжірибелермен алмасуға арналған әдістемелік алаңға айналды.

Қорытынды бөлімде қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, семинар жұмысына жоғары баға берді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85460
  • Осы аптада21010
  • Кеше4037
  • Бүгін167
  • Желіде:20

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда16
  • Осы аптада7
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026