Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫ ЖАПОН ЕЛІНДЕ ТӘЖІРИБЕ ТАРАТТЫ

29.11
0

Халықаралық беделді ғылыми жиынға қатысқан
Оспанова Нұргүл Төлегенқызы,
Сұлтанбекова Амангүл Керейханқызы,
Алдажарова Айгерім Маратовна
өздерінің Lesson Study бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарын қорғап, әлемнің 40-тан астам елінен келген ғалымдармен кәсіби пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Конференция барысында педагогтер оқушылардың оқу, жазу, ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған әдістемелік зерттеулерін ұсынды. Олар оқу үдерісінде тәрбие мен білімді ұштастырудың тиімді тәсілдерін талқылап, халықаралық білім беру қауымдастығы тарапынан жоғары бағасын алды.

Сапар барысында ұстаздар Хиросима бейбітшілік мемориалдық мұражайына арнайы барып, Абай Құнанбайұлының даналық сөздері жазылған естелік сыйлығын табыс етті. Бұл — Семей мен Хиросима қалалары арасындағы достықтың, бейбітшілікке деген ортақ ұмтылыстың символына айналған ерекше сәт болды.

Бұл халықаралық сапар — мұғалімдеріміздің кәсіби дамудағы үлкен қадамы, жаңа серпін мен әлемдік деңгейдегі тәжірибені меңгеруге ашылған кең мүмкіндік. Осындай ірі ғылыми алаңда Қазақстан атынан өнер көрсету — біздің педагогтер қауымының біліктілігі мен әлеуетін дәлелдейді.

Ұстаздарымызды халықаралық аренадағы зор жетістіктерімен құттықтаймыз! Болашақта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда85505
  • Осы аптада21683
  • Кеше3039
  • Бүгін2454
  • Желіде:27

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда16
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026