Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ. 1-4 сынып білім алушылары ата-аналарына “ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ” тақырыбында сабақ жүргізілді.

17.12
0
Міндеттері: • зорлық-зомбылықтың түрлері және оның салдары туралы ақпараттандыру; • баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәні, оның түрлері (физикалық, психологиялық, жыныстық, немқұрайлылық) және баланың дамуындағы маңызы туралы түсініктерін кеңейту; • баланың зорлық-зомбылықты тану және анықтау қабілетін, ересектермен сенімді қарым-қатынас болмағанда бас тарту дағдыларын, зорлық-зомбылықтың салдарына саналы көзқарасын қалыптастыру бойынша әдіс-тәсілдері үйрету; • баланың өзін қалай қорғай алатынын және балаға қатысты зорлық-зомбылыққа күдік туындаған кезде ата-ананың қалай әрекет ету керектігін талқылау; • баланың жеке шекарасы қалай қалыптасатынын түсіндіру; • ата-аналарға баланың үйдегі, мектептегі және интернеттегі қауіпсіздігіне қалай үлес қоса алатынын көрсету. Күтілетін нәтиже Ата-аналар: • зорлық-зомбылықтың алдын алу шарасы ретінде балаларды жеке қауіпсіздікке үйретудің маңыздылығын түсінеді; • зорлық-зомбылықтың тәуекелдерін және олардың көздерін (физикалық, психологиялық, жыныстық, немқұрайлылық) бағдарлай алады; • жеке қауіпсіздіктің формаларын (физикалық, психикалық, ақпараттық, эмоционалдық, коммуникативтік) бағдарлай алуды үйренеді; • баланың жеке шекарасын сақтаудың және ол бұзылған жағдайда дұрыс әрекет етудің қарапайым және қолжетімді тәсілдерін меңгереді.Жауапты:А.Талипова М.Қойсарина Г.Копекова Д.Аманова


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда82703
  • Осы аптада17863
  • Кеше3383
  • Бүгін798
  • Желіде:33

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда12
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026