Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

«АДАЛ БІЛІМ – АДАЛ ҰРПАҚ» тақырыбында ата-аналар және педагогтермен кездесу өтті

24.12
0
  • ✨«АДАЛ БІЛІМ – АДАЛ ҰРПАҚ» тақырыбында ата-аналар және педагогтермен кездесу өтті
    Бүгінгі қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – жас ұрпақты адалдық пен әділдікке тәрбиелеу. Осы мақсатта Абай облысында «Адал білім – адал ұрпақ» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, оған ата-аналар комитетінің төрағалары және мектептерден 100-ге жуық өкіл қатысып, аталған бағыттағы мәселелер жан-жақты талқыланды.

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Шарипов Руслан Шамелұлы өз сөзінде қазіргі замандағы мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен адалдығы - жалпы қоғамдағы әділдікке деген сенімді қалыптастыратынын айтты. Сондай-ақ жас ұрпақтың бойында парасаттылық пен заңға құрмет сезімін қалыптастыру үшін білім ошақтарында жүйелі жұмыстар атқарылуы қажет екенін жеткізді.
    Білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы
    Е. Сүлейменов білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың әдістемелік тетіктерімен таныстырып, тәрбие үрдісінде интерактивті форматтар мен жобалық жұмыстардың маңызына тоқталды.

    Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А. Абдухамитов білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде іске асырылып, оқушы бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңірудің түрлі тиімді тәсілдері енгізіліп жатқанын айтты.

    Шара барысында ата-аналар мен ұстаздар арасында пікір алмасу болды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, адалдық - әр азаматтың ішкі сенімі мен тәрбиесінің көрінісі екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдеді

 
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда76936
  • Осы аптада20012
  • Кеше1635
  • Бүгін606
  • Желіде:49

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда20
  • Осы аптада1
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026