Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Облысымыздың білім беру мекемелерінде әлеуметтік қолдау мен оқушы тұлғасының үйлесімді дамуына үлес қосып жүрген мамандар - әлеуметтік педагогтер қауымдастығының өкілдері өзара ортақ мәселелерді талқылау мақсатында бас қосты.

14.01
0
✨Облысымыздың білім беру мекемелерінде әлеуметтік қолдау мен оқушы тұлғасының үйлесімді дамуына үлес қосып жүрген мамандар - әлеуметтік педагогтер қауымдастығының өкілдері өзара ортақ мәселелерді талқылау мақсатында бас қосты.
Жиын барысында облыстық қауымдастықтың жаңа төрайымы Байганова Ляззат Сайлаугазиновна таныстырылды. Сондай-ақ Қауымдастық жоспары ортаға ұсынылып, әлеуметтік педагогтердің кәсіби бірлігін арттыру, өзара қолдау тетіктерін қалыптастыру және заманауи әдіс-тәсілдерді болашақта қолдану үрдісі түсіндірілді. Өткен жылғы қауымдастық жұмысы бойынша Бекенова Мақпал Бейбітқызы есеп берді. Қауымдастық өкілдері келесі тақырыптарды талқылады:
- Қиын баламен жұмыстың тиімді жолдары
- Мектептегі инклюзия және әлеуметтік қолдау
- Жеткіншек тәрбиесінде ата-анамен серіктестік
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасындағы әлеуметтік педагогтің орны.
Шара аясында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Жиын соңында қауымдастық өкілдері әлеуметтік педагог мәртебесін көтеру, кәсіби қолдауды жүйелеу және қауымдастық жұмысын жандандыру бағытында нақты ұсыныстар әзірленетінін атап өтті.
Әлеуметтік педагогтер қауымдастығының бас қосуы - ортақ істердің бастамасы мен бірліктің белгісі және сала мамандарына тың серпін беріп, жас ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесін арттырары сөзсіз.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда174237
  • Осы аптада56932
  • Кеше3957
  • Бүгін5886
  • Желіде:138

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда42
  • Осы аптада11
  • Кеше3
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026