🏆 Бекболатқызы Ақмарал, Семей қаласы білім бөлімінің № 6 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, «JADY+OKU» кешенді жүйесі – оқушы жетістігінің кілті» педагогикалық идеясы республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІІ Дәрежелі Дипломымен марапатталды.
19.01
0
🏆 Бекболатқызы Ақмарал, Семей қаласы білім бөлімінің № 6 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, «JADY+OKU» кешенді жүйесі – оқушы жетістігінің кілті» педагогикалық идеясы республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІІ Дәрежелі Дипломымен марапатталды.
🎯 Идеяның мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін кешенді дамыту арқылы оқу сауаттылығын арттыру, сауатты жазу, түсініп оқу, өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
📘 Педагогикалық идеяның мазмұны:
«JADY+OKU» кешенді жүйесінде «10 сөзді жаттау әдісі», жүгіру диктанты, мнемотехника, ассоциациялық және қимыл-қозғалыс арқылы жаттау, сондай-ақ Л.А. Мельникованың кешенді тәсілі сияқты тиімді әдістер кезең-кезеңімен қолданылды. Әдістеме оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, зейінін тұрақтандырып, мәтінді түсіну қабілетін және сауатты жазу деңгейін айтарлықтай жақсартты.
🧠 «JADY+OKU» кешенді жүйесі оқу сауаттылығын келесі төрт бағытта дамытты:
1️⃣ Тыңдалым + фонологиялық жады: «10 сөз», диктанттар, нұсқауды тыңдау – фонологиялық өңдеуді күшейтіп, тыңдау арқылы ақпаратты есте сақтау қабілетін арттырды.
2️⃣ Оқылым + визуалды жады: бейнелі мәтіндер, жылдам оқу жаттығулары – көру қабылдауы мен оқылым жылдамдығын дамытты.
3️⃣ Жазылым + жұмыс жады: Running dictation, Мельникова әдісі, сөздік диктанты – ақпаратты өңдеу мен жазу дағдыларын жетілдірді.
4️⃣ Айтылым + аналитикалық жады: мәтінді бөліктерге бөлу, мнемокестелер, кинометафора, рольдік ойындар – ойды талдау, құрылымдау және жүйелі жеткізу қабілетін дамытты.
💡 Жаңашылдығы мен тиімділігі: көру, есту, логикалық және бейнелі ес түрлерін кешенді үйлестіре отырып, оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдыларын бір уақытта дамытуында.
🌟 Жадыны дамыту – оқушының оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын кешенді жетілдірудің басты тетігі.