🏅Кайранбекова Айнур Бақытжанқызы, Аягөз ауданы білім бөлімінің мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін № 6 мектебінің биология пәні мұғалімі, «Құндылық детекторы» педагогикалық идеясы республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІІ Дәрежелі Дипломымен марапатталды.
19.01
0
🏅
Кайранбекова Айнур Бақытжанқызы, Аягөз ауданы білім бөлімінің мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін № 6 мектебінің биология пәні мұғалімі, «Құндылық детекторы» педагогикалық идеясы республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының ІІІ Дәрежелі Дипломымен марапатталды.
🎯 Идеяның мақсаты: білім алушылардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, дамытуға ықпал ету.
📚 Педагогикалық идеяның мазмұны:
«Құндылық детекторы» жобасы – оқушының тұлғалық дамуына бағытталған, адамгершілік қасиеттерді бойға дарытатын кешенді тәрбие жұмысы. Жоба аясында түрлі әдіс-тәсілдер арқылы («Жүректен-жүрекке үн» эмоциялық резонанс почтасы, «Құндылық айнасы», «Ізгілік журналы», «Бір сөз – бір жарық», «Құндылық картасы») өз бойындағы жақсы қасиеттерге баға беріліп, құндылықтарға негізделген әрекет жасауға дағдыланады. Жауапкершілік, адалдық, сыйластық, мейірімділік сынды құндылықтарды терең ұғынуға жол ашады. Нәтижесінде, құндылықтар арқылы тәрбиелеу – саналы ұрпақ қалыптастырудың маңызды құралы екені дәлелденеді.
💡 Жаңашылдығы мен тиімділігі:
«Құндылық детекторы» жобасы – оқушылардың бойындағы адами қасиеттерді тануға, дамытуға және күнделікті өмірде қолдануға бағытталған маңызды бастама.
🌱 Жоба тек білім деңгейін ғана емес, ішкі мәдениеті мен адамгершілік сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан бұл жоба — болашақтың саналы, жауапкершілікті азаматтарын тәрбиелеуде аса өзекті.