📚 2026 жылғы 16 қаңтарда Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі бөлімі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының «Ғылыми білім беру экожүйесі: педагогтердің академиялық жазылымы – оқушылардың зерттеуі» тақырыбындағы 2-отырысын ZOOM платформасында онлайн форматта өткізді.
21.01
0

🎯 Іс-шараның мақсаты – ҚР Оқу-ағарту министрінің нормативтік құжаттары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтеріне академиялық жазылым мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы дайындауға әдістемелік қолдау көрсету.
👥 Отырыста аудан/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қауымдастық жетекшілері және 220 пән мұғалімі белсенді қатысып, тәжірибе алмасу алаңына айналды.
🎓 Спикерлер қатарында жоғары оқу орындарының ғалымдары мен тәжірибелі мұғалімдер болып, академиялық жазылым, ғылыми жоба жазу, оқушыны зерттеуші тұлға ретінде қалыптастыру, дарынды оқушылармен жұмыс, зерттеуге негізделген оқыту тақырыптарында мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
💬 Семинар соңында педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, кері байланыс алынды. Бұл кездесу педагогтердің ғылыми әлеуетін арттырып, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.