Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

STEM/STEAM білім беру бағытының мәні мен ерекшеліктерін ашу, оқытудың жаңа тәсілдерін тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

06.02
0
STEM/STEAM білім беру бағытының мәні мен ерекшеліктерін ашу, оқытудың жаңа тәсілдерін тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Отырыс барысында Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының әдіскері
Д.Т. Конысбек математика сабақтарында білім беру үдерісінде STEM/STEAM технологияларын тиімді қолданудың заманауи әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде тиімді қолдану педагогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибесін дамытуға, пәнаралық байланысты күшейтуге және оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағыттайтын атап айтты. Семей қаласы білім бөлімінің № 51 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Е. С. Нурымханова, Абай ауданы білім бөлімінің Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Д.У. Жактаева STEAM тәсілін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық және шығармашылық сауаттылығын арттыру, ұлттық мәдени мұра мен құндылықтарды тануға, құрметтеуге және оларды заманауи технологиялармен ұштастыра білуге бағыттау жұмыстары туралы сөз қозғады. Жарма ауданы білім бөлімінің К. Шакенов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі К. С. Байгалиев математика сабағында «Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу тапсырмалары» тақырыбында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды ұштастыру, білім алушылар бойында қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының туындысы болған дүниелерді координаталық жазықтықта кескіндеуге мүмкіндік беретіні туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда169433
  • Осы аптада52128
  • Кеше3957
  • Бүгін1082
  • Желіде:210

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда41
  • Осы аптада10
  • Кеше3
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026