Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Физика пәні педагогтерінің қауымдастық отырысы өтті.

06.02
0
Физика пәні педагогтерінің қауымдастық отырысы өтті.

Мақсаты: Физика пәнін оқыту барысында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және сабақта оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқу нәтижесін жақсартуға ықпал ету.

Отырыс барысында облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының әдіскері
Д. Т. Конысбек физика сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын мақсатты әрі тиімді қолдану - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу материалын терең түсінуге мүмкіндік беретініне тоқталды. Курчатов қаласы білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі З. С. Темирбекова «Физикалық құбылыстарды цифрлық симуляция арқылы түсіндіру» тақырыбында цифрлық симуляциялар арқылы физикалық құбылыстарды түсіндіру оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлауын қалыптастыру және теориялық заңдылықтарды терең әрі көрнекі меңгертуге болатынына тоқталды. Жаңасемей ауданы білім бөлімінің Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Б. Жаукенова «Физика мен ойын синергиясы: оқытудағы жаңа бағыт» тақырыбында физика мен ойынның синергиясы физикалық заңдар мен ұғымдарды оқушыларға ойын арқылы түсіндіру, яғни ойын тәсілдерін оқу үрдісіне кіріктіре отырып, білімді тиімді меңгертудің инновациялық жолы екендігін айта келе, оқушылардың қызығушылығын оятып, күрделі физикалық құбылыстарды өмірмен байланыстыра түсіндіруге мүмкіндік беретіні туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда76179
  • Осы аптада19531
  • Кеше1528
  • Бүгін1838
  • Желіде:190

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда21
  • Осы аптада1
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026