Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Мұражайдағы сабақ

10.10
0
Республикасының «Ұлттық музейі» РМҚК мен Астана қаласы әкімдігінің «Білім басқармасы» арасында мұражай сабақтарын өткізу туралы арнайы меморандум қабылданған. Сол меморандумның аясында пән мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Жуманова Роза Аменовна Қазақстан Республикасының «Ұлттық музейі» РМҚК 10 қазан күні «Қазақстан тың жерлерді игеру дәуірінде» тақырыбында мұражай экспонаттарымен сабақ өткізді. Сабақтың жоғары деңгейде өткізілуіне мұражай қызметкері Досанов Амир Касымовичтің де қосқан үлесі зор. Мұражайдағы сабаққа №32 мектеп-гимназиясының 9 «а» сынып оқушылары қатысып Кеңес өкіметінің орнығуы, тың жерлерді игеру туралы мәліметтер беріп, өлең оқып, ән айтып, сол дәуірге саяхат жасағандай болды. Сабақ оқушыларға өте ұнады, сабақ барысында тың жерлерді игеру себептерін анықтап, тарихи тұлғалардың тың жерлерді игеруге қосқан үлестерін қарастырып, қорытынды жасады. 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда157283
  • Осы аптада41785
  • Кеше5078
  • Бүгін262
  • Желіде:40

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда64
  • Осы аптада8
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026