Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Абай облысында алғаш рет мұғалімдер арасында «Ой-сандық» зияткерлік байқауы өтті

13.02
0
Абай облысында алғаш рет мұғалімдер арасында «Ой-сандық» зияткерлік байқауы өтті.
2026 жылғы 10 ақпанда Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС ұйымдастыруымен «Ой-сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан қазақ тілі мен әдебиеті, математика пәні мұғалімдерінің зияткерлік байқауы өтті.
Мақсаты: Кіріктірілген тапсырмалар арқылы педагогтердің оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілетін арттыру, күрделі тапсырмалардың шешу жолдарын үйрету арқылы қолдау көрсету, ынталандыру.
Байқауға облыс бойынша 11 команда құрамында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәнінің 105 педагогі қатысты.
Тартысты өткен білім додасы үш негізгі кезеңнен тұрды:
Жұптық сайыс (өзара іс-қимыл мен жылдамдық);
Топтық кезең (командалық стратегия);
Финалдық кезең (ең үздіктерді анықтау).
Қазылар алқасының шешімімен білімі мен біліктілігі озық шыққан келесі командалар жеңімпаз атанды:
• Бас жүлде: Семей қаласының командасы;
• І орын: Ақсуат ауданының командасы;
• ІІ орын: Мамандандырылған мектептер құрамасы («Жас Ұлан», БИЛ);
• ІІІ орын: Абай және Ақсуат аудандарының командалары.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткен педагогтерден арнайы құрама жасақталды. Бұл команда алдағы уақытта республикалық кезеңде Абай облысының намысын қорғайтын болады. Өңірлік білім басқармасы мен әдістемелік орталық жеңімпаздарды құттықтай отырып, республикалық додада сәттілік тілейді!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда75342
  • Осы аптада18694
  • Кеше1528
  • Бүгін1001
  • Желіде:94

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда21
  • Осы аптада1
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026