Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

📚 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған игі бастама бастау алды

14.02
0
📚 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған игі бастама бастау алды

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында ұйымдастырылған 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылған челленджге Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының директоры Исабаева Айнур Сергалиевна және орталық ұжымы челленджге белсене атсалысып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.

Аталған шараның басты мақсаты – кітап оқитын, ойы озық, көкірегі ояу жас ұрпақты тәрбиелеу, оқырман ұлт қалыптастыру. Челлендж барысында облысымыздағы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапсүйер оқырмандарына танымдық, тәрбиелік мәні зор кітаптар тарту етілді. Бұл – білімге деген құштарлықты арттырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған ізгі қадам.
Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың рухани әлемі байып, кітапқа деген сүйіспеншілігі арта түсері анық.
Кітап сыйлау – тек сыйлық емес, жүректен шыққан қамқорлық, кемел ұлтты қалыптастырудың алғышарты.

Баршаңызды игі дәстүрді жалғастырып, кітап сыйлау мәдениетін бірге дамытуға шақырамыз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда74745
  • Осы аптада18097
  • Кеше1528
  • Бүгін404
  • Желіде:17

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда21
  • Осы аптада1
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026