Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ДИНАРА НАУМОВАМЕН КЕЗДЕСУ

22.01
0

21 ҚАҢТАР КҮНІ БАЙТАС Г.Б. ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ДИНАРА НАУМОВАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Кездесуге жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер шақырылды. Динара Наумова өз өмір жолы туралы, саяси қызметінің алғашқы қадамдары, депутаттық қызметтегі қиындықтар мен жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Ол ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығына, жауапкершілік пен өмірде кезесетін түрлі қиыныдықтарға шыдамдылық танытып, өз мақсатыңа қарай алға қадам басу туралы айтты.
Динара Рустамқызы өзінің бала кездегі армандары мен сол армандарына қалай қол жеткізгені жайлы бөлісті. Ол кішкентай кезінен білім мен өзін-өзі дамытуға құмар болып, әрқашан жаңа мүмкіндіктерді іздегенін, өзіне деген сенімділікті ешқашан жоғалтпағанын айтты. Осы арқылы ол оқушыларды да өмірден өз орнын табуға, армандарына жету жолында берілмеуге шақырды.
Бүгінгі кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Олар көптеген сұрақтар қойып, оның жауаптары арқылы көшбасшылық, азаматтық жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншілік туралы жаңа көзқарастарды қалыптастырды. Осындай шаралар жас ұрпақты жігерлендіріп, оларды белсенді, жауапты азамат болуға бағыттайтыны анық.
Бұл кездесу тек Динара Наумованың өмірі мен көшбасшылық тәжірибесімен ғана шектелмей, оқушылардың өз болашағына жаңа серпін берді. Жас ұрпақ өздерінің көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, үлкен жетістіктерге жетуге талпынатынына сенім мол.

https://www.instagram.com/reel/DFFiJAuM4_M/?utm_source=ig_web_copy_link



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда84070
  • Осы аптада15787
  • Кеше1820
  • Бүгін934
  • Желіде:45

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда20
  • Осы аптада7
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026