Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Наурыз

22.03
0

20 наурызда №32 мектеп-гимназиясында 1 «В», 1 «Г», 4 «М» сыныптарында (мұғалімдер: Омарова А.Т., Сотникова Н.И., Зикирина Б.Б.) көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз тойланды.
Мереке басында оқушылар танымдық бейнеролик тамашалап, бұл мейрамның мәні мен маңызы туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Одан кейін өлең оқып, ән шырқап, домбырада ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрлердің бірі – Қыдыр атаның батасы көрсетілді. Ата-аналардың бірі балаларды қазақтың «Бесікке салу» дәстүрімен таныстырып, оның мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар жұмбақ шешіп, жауабын қазақ тілінде айтып, өздерінің тілге деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Оқушылар ұлттық ойындарға да белсене қатысты. Олар «Арқан тартыс», «Бәйге», «Ұшты-ұшты» сынды дәстүрлі ойындар ойнап, ерекше көңіл күйге бөленді.
Мереке соңында хореограф Гүлшат Мұхтарованың жетекшілігімен «Қара жорға» би флешмобы ұйымдастырылды. Мереке оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/DHfjmIdMJZI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда151943
  • Осы аптада40310
  • Кеше6941
  • Бүгін933
  • Желіде:61

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда71
  • Осы аптада6
  • Кеше1
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026