«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №5 Балалар кітапханасында 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай “Мен ғарышкер боламын” атты іс-шара өткізілді.
Іс -шараның мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және Қазақстан ғарышкерлер туралы мағлұмат беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
Аталған іс-шараға мектебіміздің 6-сынып оқушылары қатысты. Балаларға Ғарышқа қатысты деректі фильмі көрсетілді. Оқушылар белсене қатыса отырып қызықты сұрақтарға және сөзжұмбақты шешуін таба отырып, өз ойларын толықтай жеткізді.
Іс-шара өте қызықты әрі пайдалы өтті. Балалардың космонавтикаға деген қызығушылығы артты, олар жаңа білімдер мен дағдылар алды.