Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі Жолдауында ел дамуының жаңа стратегиялық бағыттарын айқындап берді. Бұл Жолдау – жаңғырудың жаңа кезеңі мен ел ертеңіне бағытталған нақты қадамдардың айқын жоспары.
Жолдауда ерекше назар аударылған маңызды бағыттар:
🔹 Білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру 🔹 Жаңа білім стандарттарын енгізу 🔹 Цифрлық білім мен инновацияны дамыту 🔹 Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
№32 мектеп-гимназиясы ұжымы Президент Жолдауындағы бастамаларды толық қолдайды. Біз үшін басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы еліміздің жарқын болашағына үлес қосу. Жаңа стандарттарды тиімді енгізіп, инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру – ортақ міндетіміз.
💡 Білімді ұрпақ – ел ертеңінің кепілі! Бірге даму, бірге жаңғыру, бірге жарқын болашаққа!