**«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында елордада есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша 30 күндік кешенді профилактикалық шаралар басталды.**
Кешенді шараларға бірлескен рейдтер өткізу, оқу орындарында профилактикалық әңгімелер жүргізу, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет сайттарды анықтау және жою жұмыстары кіреді. Есірткіге қарсы профилактика және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жұмыстары қалалық прокуратура мен Полиция департаментінің үйлестіруімен жүзеге асырылуда.
Осыған орай бүгін №32 мектеп-гимназия оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар еліміздің танымал спортшылары қатысты. Атап айтқанда:
* Мүхит Амантаев — бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы, бокс жаттықтырушысы;
* Арман Сүлеймен — күш қолданылатын спорт түрлері бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы, Қазақстан рекордшысы;
* Бауыржан Камалиев — пауэрлифтингтен спорт шебері, әлем чемпионатының жүлдегері, «Гиннестің рекордтар кітабының» алты дүркін рекордшысы.
Сонымен қатар кездесуге Алматы ауданы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Балтабек М.К. және Алматы ауданы Полиция басқармасының Кибер полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Байходжаев Н. қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға есірткі құралдарының зияны мен оның салдары, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді. Спортшылар өз өмір жолдарынан мысал келтіре отырып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Кездесу еркін форматта өтті. Оқушылар мамандар мен қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Шара соңында ақпараттық парақшалар таратылып, есірткіден сақтандыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
Мұндай профилактикалық кездесулер мектебімізде алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.
@oqu_agartu_ministrligi
@baitasgulshat
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@new_police_astana_almaty
@astana_daryny
@akimat__astana
@police__astana
https://www.instagram.com/reel/DObGeIWDXDc/?utm_source=ig_web_copy_link