2025 жылдың 11 қыркүйегінде No32 мектеп-гимназиясында 11А және 11Б сынып оқушылары арасында «Тіл – ұлттың рухани коды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сонымен қатар: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шалахаев Б.Ж., және қазақ тілі мұғалімдері Хасенова А.Қ., Ықласпаева Л.А. және тарих пәнінің мұғалімі Сарсекеева З.Т. қатысты. Дөңгелек үстелде ана тілін сақтау мен дәріптеу, жаһанданудың тіл мәдениетінің дамуына әсері, жасанды интеллекттің дамуына байланысты тілдің болашағы туралы мәселелер көтерілді. Оқушылар талқылауға белсене қатысып, тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстелдің жүргізушілері: Нұрбекова Аружан және Бокачева Алина.
Мобилограф: Овсянникова Милана.