№32 мектеп-гимназияда қыркүйектің 17 күні №11 емхана психологы Амангельдинова М.А. 9 сынып оқушыларымен «Мектеп өміріндегі қауіпсіздік және қолдау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оқушы қауіпсіздігінің халықаралық алты мақсаты бойынша ойындар өткізілді.
1. Сәлемдесу және ынталану. Әркім өз аты-жөнін айтып, жағымды қасиетін айтады. (Бір-бірінің даралығын байқап, мойындай білуге үйрету);
2. «Шыншылдық» ойыны. «Көңілсіз кезде сізге не көмектеседі?» деген сұрақты қоямыз. (Тыңдап, өз сезімдерімізді анық және түсінікті етіп айтуға үйрету);
3. «Жақсы көңіл-күй рецепті» жаттығуы. (Қуанышты «біздің үлесімізді» айтып, онымен бөлісуді үйрену);
4. «Дұрыс уақытта дұрыс көмек» ойыны. (Мұқтаж жандарға көмектесуді үйрену);
5. Психологиялық гигиена (Жағымсыз көңіл-күйдің «жұқтыруын» болдырмауды үйрену);
6. «Қауіпсіздік аралы» ойыны. Еденге «аралдар» төселген. Мақсат: бір-біріне көмектесе отырып, кесіп өту. (Ешкім жалғыз қалмас үшін қиын жағдайда бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсетуді үйрену.)
https://www.instagram.com/p/DOtAW6pDT0w/?utm_source=ig_web_copy_link