Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Нашақорлыққа қарсы “30 күндік іс-шаралар кешені” жүзеге асырылуда. Соның аясында Астана қаласы Алматы ауданының білім беру ұйымдарының арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты челлендж басталды.
Аталған бастаманы №32 мектеп-гимназия оқушылары, ата-аналары және ұстаздары қолдап, белсенді түрде атсалысты. Олар челленджді жалғастыру мақсатында эстафетаны Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейіне жолдады.