Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

«Әлемді бірге естиміз» тақырыбында облыстық интерактивті семинар-практикумы өтті.

27.02
0
«Әлемді бірге естиміз» тақырыбында облыстық интерактивті
семинар-практикумы өтті.
2026 жылғы 25 ақпанда облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Абай облысы білім басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында арнайы және инклюзивті білім беру саласының педагогтері мен мамандарына арналған «Әлемді бірге естиміз» облыстық интерактивті семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты: коррекциялық білім беру жағдайында есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету бойынша тиімді тәсілдер мен заманауи педагогикалық технологияларды таныстыру арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шараға мектептке дейінгі, жалпы орта, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары, мамандары және педагогтері қатысты. Барлық қатысушы саны 40-тан асты.
Теориялық-әдістемелік бөлімде есту-сөйлеу ортасын құру, есту бұзылыстарын ерте диагностикалау, есту қабылдауын дамыту әдістері, кіріктірілген оқыту тәсілдері, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу мәселелері қарастырылды.
Практикалық бөлімде әртүрлі сыныптарда ашық сабақтар өткізілді. Мұғалімдер, дефектологтер және тәрбиешілердің бірлескен жұмысы арқылы түзете-оқыту үдерісінің тұтастығы көрсетілді.
Сондай-ақ, «Практикаға бағдарланған түзете-дамыту ойындары» тақырыбындағы WORKSHOP барысында қатысушылар есту-сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған нақты әдістермен танысып, тәжірибе жүзінде орындады.
Іс-шара соңында есту қабілеті бұзылған білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін айқындаған мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.
Аталған іс-шара арнайы білім беру саласындағы озық тәжірибені таратуға және есту қабілеті бұзылған білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған маңызды кәсіби алаңға айналды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда76367
  • Осы аптада17952
  • Кеше1900
  • Бүгін365
  • Желіде:19

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026