Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ «ШАБЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТӘЖІРИБЕ ТАРАТТЫ.

27.02
0
ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ «ШАБЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТӘЖІРИБЕ ТАРАТТЫ.

⚡️«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «AR/VR технологияларын көркем еңбек сабақтарында қолдану мүмкіндіктері» республикалық ғылыми-практикалық семинарында облысымыздың көркем еңбек пәні мұғалімдері А. Омарова (Жаңасемей ауданы,) А. Токенова (Курчатов қаласы,) М. Абдыкаримов (Семей қаласы,) М. Жексембаева, Ж. Маратова (Ақсуат ауданы) өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинардың мақсаты – AR/VR технологияларын көркем еңбек пәніне тиімді кіріктіру жолдарын талқылау, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибені тарату.
Семинар барысында авторлық жобалар таныстырылып, 3D модельдеу, STEAM, жасанды интеллект, виртуалды шеберханалар, робототехника бағыттары бойынша тәжірибелер көрсетілді. Сонымен қатар, интерактивті шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, сәндік-қолданбалы өнер және қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Іс-шара көркем еңбек пәнін оқытуда заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдануға бағытталған маңызды кәсіби алаңға айналды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда173501
  • Осы аптада56504
  • Кеше6067
  • Бүгін2474
  • Желіде:156

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда49
  • Осы аптада10
  • Кеше2
  • Бүгін2
  • Желіде:1
BenchMark Consulting, 2026