Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес 2026 жылғы 26 ақпанда Геологиялық барлау колледжі базасында «Оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық семинар-практикумы өтті.

27.02
0
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес 2026 жылғы 26 ақпанда Геологиялық барлау колледжі базасында «Оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты - заманауи білім беру талаптарына сәйкес оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстыру, педагогикалық менеджмент пен басқарудағы озық тәжірибелерді тарату арқылы оқу ісі жөніндегі орынбасарлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шара барысында «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Игнатенко Н.А, арнайы пәндер оқытушысы Насырова А.С. мен «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Кабдолланова А. Е. білім сапасын басқарудың заманауи жүйесі, цифрлық басқару технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесінде қолдану, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын оқу үдерісімен үйлестіру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында қатысушылар оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылдап, кәсіби тәжірибе алмасудың тиімді алаңы қалыптасқаны атап өтілді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда173501
  • Осы аптада56504
  • Кеше6067
  • Бүгін2474
  • Желіде:156

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда49
  • Осы аптада10
  • Кеше2
  • Бүгін2
  • Желіде:1
BenchMark Consulting, 2026