Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар, қадірлі ата-аналар және сүйікті оқушылар! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
01.03
0
Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар, қадірлі ата-аналар және сүйікті оқушылар! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздегі бірлік пен татулықтың, өзара құрмет пен мейірімнің жарқын көрінісі. Алғыс айту – адамгершілік пен парасаттылықтың белгісі. Біз осы мерекеде бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, еңбегін елеусіз қалдырмай, ізгі ниетімізді жеткіземіз. Білім саласы – ұлт болашағының негізі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына, білім ордаларының қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында жас ұрпақ білімді, саналы, елжанды болып қалыптасуда. Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың білім алуына қолдау көрсетіп, мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеп жүргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Қымбатты оқушылар! Білімге деген құштарлықтарыңыз бен талпыныстарыңыз – біздің ортақ жетістігіміздің кепілі. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Елімізде әрдайым татулық пен бірлік салтанат құрсын! Ізгі ниетпен, Айнұр Исабаева