Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ ұсынысымен Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру бөлімі 2026 жылғы 27 ақпанда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру тәжірибесі: тәжірибе мен нәтижелер» тақырыбында Абай облысының әдістемелік күніне орай республикалық вебинар ұйымдастырып, өткізді.
02.03
0
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ ұсынысымен Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру бөлімі 2026 жылғы 27 ақпанда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру тәжірибесі: тәжірибе мен нәтижелер» тақырыбында Абай облысының әдістемелік күніне орай республикалық вебинар ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Құзыреттілік орталықтары арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың тиімді тетіктерін анықтау және тарату.
Нысаналы топ: Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ мамандары, өңірлік облыстық, қалалық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің әдіскерлері; мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері.
Қазіргі таңда Абай облысында мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде 18 балабақшада құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді (оның ішінде 15 мемлекеттік, 3 жекеменшік). Жыл басынан бері 1 жаңа құзыреттілік орталық Семей қаласының «Asylym.kz» жекеменшік балабақшасында ашылды.
Аталған республикалық әдістемелік күн аясында Аягөз ауданы мен Семей қаласының мектепке дейінгі ұйымдары - құзыреттілік орталықтардың тәжірибесі таратылды.
Балаларды ерте жастан еңбекке баулып, кәсіпке бағдарлаудың жаңа тәсілдері мен көзқарастар арқылы дамыта отырып, болашақ ұрпақтың терең рухани, адамгершілік қасиеттерімен өсіп-өркендеуіне мол мүмкіндік жасалуда.⚡️Атап айтсақ - «Жасыл балабақша» жобасы арқылы ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» - Аягөз ауданы «Аягөз қалалық № 1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК ұжымы гидропоника, шағын жылыжай жұмыстарын; - «Мектеппен сабақтастық - баланың табысты бейімделуінің негізі» Аягөз ауданы «Аягөз қалалық № 6 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК ұжымы; - «KIDZANIA» мамандықтар қаласы – Семей қаласы, «№8 «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК ұжымы; - «Навстречу возможностям: инклюзия, коррекция, цифровизация» - инклюзивті білім беру бойынша Семей қаласы № 9 «Айголек» бөбекжайы КМҚК ұжымы; - «Реджио педагогика элементтерін тәрбиелеу-білім беру процесінде қолдану» - Семей қаласы, «Өрлеу» балабақшасы ЖШС ұжымы; - «Еңбекқор балақайлар шеберханасы» - Семей қаласы «№ 1 «Арман» бөбекжайы» КМҚК ұжымы «Шебер қолдар», «Құрылысшылар» үйірме жұмыстарын; - «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» шебер сынып - Семей қаласы «Asylym.kz» балабақшасы ЖШС ұжымы іс-тәжірибелерін ұсынды. Балалардың түрлі іс-әрекеттері арқылы мазмұнды іске асыру барысында тәрбиеленушілерде еңбектің әр түріне және түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыруда үйірмелік жұмыстардың ерекше маңызы атап айтылды.
Қатысушылар вебинардың мазмұндық тұрғыда бай әрі тәжірибеге бағытталғанын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Осындай кәсіби алаңдар педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, білім сапасын арттыруға және мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететіні сөзсіз.