Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

«Үздік арнайы педагог» облыстық байқауы өтті

02.03
0
«Үздік арнайы педагог» облыстық байқауы өтті
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың инклюзивті білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылғы 27 ақпан күні мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының арнайы педагогтеріне арналған облыстық байқау ZOOM форматында (қашықтан) өткізілді.
Байқаудың мақсаты – арнайы педагог қызметінің беделін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды сүйемелдеудің тиімді тәжірибесін анықтау және тарату, сондай-ақ мамандардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту.
Іс-шараға жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 арнайы педагогі қатысты.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберлігін портфолио, шеберлік сыныптары арқылы көрсетті.
Байқау арнайы педагогтердің кәсіби дамуын ынталандырып қана қоймай, педагогикалық инновациялар мен тәжірибе алмасуға қолайлы алаң қалыптастырады. Байқау ережелері мен критерийлеріне сәйкес қазылар алқасының ортақ шешімі бойынша:
І орын - Толеубекова Әйгерім Маратқызы, Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Абылай хан атындағы орта мектеп – бақшасы» КММ;
ІІ орын - Қуанышқызы Ақбота, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы № 39 ЖОББМ» КММ;
ІІІ орын - Кайрамбаева Жумагайша Бельгибаевна, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы білім беретін мектебі» КММ
ІІІ орын - Шериязданова Айжан Берикболовна, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Барлық қатысушыларға инклюзивті білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері мен кәсіби белсенділіктері үшін ризашылық білдіреміз. Педагогтердің кәсіби қызметіне шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда76305
  • Осы аптада17890
  • Кеше1900
  • Бүгін303
  • Желіде:11

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026