Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

2026 жылғы 27 ақпан күні облыстық инновациялық-әдістемелік орталық жоспарына сәйкес «Рымбек Байсейітов атындағы жоғары қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК базасында «SCAFFOLD: колледждердің үздік тәжірибелері» облыстық педагогикалық тәжірибелер фестивалі жоғары деңгейде өтті.

02.03
0
2026 жылғы 27 ақпан күні облыстық инновациялық-әдістемелік орталық жоспарына сәйкес «Рымбек Байсейітов атындағы жоғары қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК базасында «SCAFFOLD: колледждердің үздік тәжірибелері» облыстық педагогикалық тәжірибелер фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Фестиваль өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерін бір арнаға тоғыстырып, SCAFFOLD технологиясын білім беру процесіне тиімді енгізудің нақты, тәжірибеге негізделген үлгілерін ұсынған кәсіби алаңға айналды.
Бағдарлама аясында педагогикалық тәжірибелер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, шағын-сабақтар және әдістемелік питч-сессиялар ұйымдастырылды. Қатысушылар білім алушыларды педагогикалық сүйемелдеудің тиімді құралдарын, қолдаудың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын және дербестікті қалыптастыру тетіктерін таныстырды.
Ұсынылған тәжірибелер бірыңғай әдістемелік критерийлер негізінде бағаланып, сараптамалық ұсынымдардың объективтілігін қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде енгізу мен тарату әлеуеті жоғары шешімдерді айқындауға мүмкіндік берді.
Фестиваль қорытындысы бойынша сарапшылар ұсынған үздік тәжірибелер «SCAFFOLD: өңір колледждерінің үздік тәжірибелері» атты электрондық жинаққа енгізілетін болады.
Аталған фестиваль Абай облысында педагогтердің кәсіби қоғамдастығын дамытуға және тәжірибеге бағдарланған оқыту тәсілін жүйелі түрде нығайтуға бағытталған жұмыстардың нәтижелі жалғасып жатқанын көрсетті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда172968
  • Осы аптада55971
  • Кеше6067
  • Бүгін1941
  • Желіде:100

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда49
  • Осы аптада10
  • Кеше2
  • Бүгін2
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026