Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

АДАЛ АЗАМАТ – ЕҢБЕК ПЕН ӨНЕР ҮНДЕСТІГІ

02.03
0
АДАЛ АЗАМАТ – ЕҢБЕК ПЕН ӨНЕР ҮНДЕСТІГІ

⚡️Қоғамда бәсекеге қабілетті, жауапкершілігі жоғары, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі. Осыған орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жас ұрпақты еңбекке баулудағы өнер мен кәсіптің рөлі» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Аталған іс-шарада облыс орталығы – Семей қаласының мектептеріндегі тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары
А. Кожекенова (№ 4 ЖОББМ), Ш. Сапанова (№ 44 ЖОББМ), Б. Тунгатова (№ 30 ЖОББМ), Б. Ахметова (№ 50 ЖОББМ) өз тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибе алмасу барысында облыс педагогтері «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары негізінде жас ұрпақты еңбекке баулуда өнер мен кәсіптің тәрбиелік, білімдік және әлеуметтендіруші әлеуетін айқындауға назар аударды. Сонымен қатар білім беру үдерісін интеграциялау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, еңбекқорлығын және кәсіпкерлікке бейімділігін дамытуға бағытталған озық педагогикалық тәжірибелерді таныстырды.
Семинар аясында Абай облысының педагогтері «Креативті («Art-Lab») жобалар алаңында жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, оқушылардың креативті ойлауын, еңбек мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін арттыру тетіктерін ұсынды. Ұлттық өнер мен заманауи креативті индустрияны ұштастыру арқылы еңбекке құрметпен қарайтын, қоғам игілігіне қызмет ететін адал азамат тәрбиелеудің тиімді модельдері таныстырылды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда172968
  • Осы аптада55971
  • Кеше6067
  • Бүгін1941
  • Желіде:100

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда49
  • Осы аптада10
  • Кеше2
  • Бүгін2
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026