Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

⚡ Абай облысының білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 2 наурызында педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету мақсатына математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

03.03
0
⚡ Абай облысының білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 2 наурызында педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету мақсатына математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиадаға аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары және облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 28 педагог қатысты.

Бұл олимпиаданың пән мұғалімдері үшін беделі мен мәні өте жоғары.
Біріншіден педагогтің кәсіби шеберлігі артады. Математика—үнемі ізденісті талап ететін ғылым болғандықтан педагогтің өз пәні бойынша күрделі есептерді шығару дағдысын жоғалтпауы — сапалы білімнің кепілі.

Екіншіден өз шәкірттеріне, әріптестеріне үлгі болу. Өз білімін сынаудан қорықпайтын педагог — шәкірті мен әріптестері үшін ең үлкен мотивация.

Олимпиадаға қатысушы педагогтердің жұмыстарын тексеріп, әділ бағасын берген қазылар алқасы Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тренерлерінен құралды.2) Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша:
🥇 орын – Ғайнолла Сейтуғали Сеитқажұлы «Облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ, Чултуков Нартай Советханович Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Көкпекті орта мектебі» КММ.
🥈 орын – Толеубаева Айжан Токтарбековна Семей қаласы білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін №50 IT-мектеп-лицейі» КММ, Төлеуханова Ақжарқын Сарқытбекқызы Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектебі», Свиридов Владимир Анатольевич Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Уба-Форпост орта мектебі» КММ, Оразақынұлы Нурсейіт Жарма ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы көп салалы гимназиясы» КММ, Токчараева Асел Бейсенқызы Семей қаласы білім бөлімінің Abai IT School, Сыдыкова Асель Советказыевна Семей қаласы білім бөлімінің «Семей қаласындағы №6 гимназия» КММ.
🥉 орын – Сарсекеева Сымбат Жаксыбековна Семей қаласы білім бөлімінің «№51 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Толқын Дана Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ, Енсебаев Жасұлан Ерікұлы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Елемесов Темирлан Маратулы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Жумабекова Назым Сембаевна Семей қаласы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебі» КММ, Бақатаев Ернат Ертостекұлы Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Қоянбай орта мектебі» КММ.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Абай облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олимпиадаға қатысушы барлық педагогтарға сертификаттар табыс етілді.
Олимпиаданың нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен Ғайнолла Сейтуғали Сеитқажұлы, Чултуков Нартай Советханович, Толеубаева Айжан Токтарбековна және Төлеуханова Ақжарқын Сарқытбекқызы ағымдағы жылдың 25-27 наурыз күндері Түркістан қаласында өтетін олимпиаданың ақтық кезеңіне жолдама алды. Абай облысының намысын қорғайтын жерлестерімізге сәттілік тілейміз.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда76150
  • Осы аптада17735
  • Кеше1900
  • Бүгін148
  • Желіде:17

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда22
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026