Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Бүгін Семей қаласындағы № 50 жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Абай облысының педагогикалық қауымдастығымен кездесті.

03.03
0
Бүгін Семей қаласындағы № 50 жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Абай облысының педагогикалық қауымдастығымен кездесті.
Кездесу барысында министр өңірдің білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен оң өзгерістерге кеңінен тоқталып, инфрақұрылымды жаңарту, білім сапасын арттыру, педагог мәртебесін көтеру бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, жаңа Конституция жобасында білім саласына айрықша мән беріліп отырғанын, бұл - мемлекет тарапынан адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиялық басымдықтың айқын көрінісі екенін жеткізді.
Жиын барысында сөз алған Қазақстанның «Еңбек Ері», № 7 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Алма Сайдахметқызы Шүкіжанова білім саласында жүзеге асырылып жатқан іргелі өзгерістер мен мұғалімдердің кәсіби дамуына көрсетіліп отырған қолдау үшін Министрге ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде сапалы білім беру – ел болашағының кепілі екенін атап өтті.
Ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған № 51 мектеп директоры Абылкасимов Қайырбек Ануарбекұлы өз сөзінде жаңа білім ордасының заманауи талаптарға сай жабдықталғанын, оқушыларға сапалы білім мен қолайлы орта қалыптастыруға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Семей қаласындағы Рымбек Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Мұханов Асхат Қуандықұлы Абай облысы ұстаздарының цифрлық даму мен кәсіби білім сапасын арттыру жолындағы стратегиялық ұстанымы мен ортақ жетістіктері туралы айтты.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда173659
  • Осы аптада56395
  • Кеше9130
  • Бүгін2029
  • Желіде:122

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда56
  • Осы аптада8
  • Кеше1
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026