Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

«БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ТАНДЕМІ» СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

05.03
0
«БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ТАНДЕМІ»
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 4 наурыз күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын насихаттау, әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын үйлестіру, сынып жетекшілерінің кәсіби рөлін айқындау және үздік тәжірибелерді тарату мақсатында облыстық «Білім мен тәрбие тандемі» сынып жетекшілері олимпиадасы өткізілді.
Облыстық кезеңге барлығы 11 сынып жетекші қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
I кезең – «Ұстаз ұлағаты: теориядан әрекетке»
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №281 бұйрығы аясындағы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығы, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, сондай-ақ педагогика мен психология салалары бойынша 20 тест тапсырмасына жауап берді.
II кезең – «Тәрбиедегі жаңашыл қадам» (жоба)
Қатысушылар «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары мен әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға бағытталған авторлық жобаларын қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
🥇 орын – Даулетбаева Толқын Бирликовна
(Аягөз ауданы, «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ)
🥈 орын –
Шатанова Тогжан Адылбековна
(Жарма ауданы, «Ақтайлақ би атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
Амирова Балжан Темиргалиевна
(Ақсуат ауданы, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ)
🥉 орын –
Аширимбетова Индира Дүйсенхуловна
(Абай ауданы, «Ш. Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
Дюсешова Жансая Төлеубекқызы
(Көкпекті ауданы, «Көкпекті орта мектебі» КММ)
Сагаева Асель Агатбековна
(Семей қаласы, «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие шамшырағын жағып, әр шәкірттің жүрегіне жол табу жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа белестер тілейміз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда173449
  • Осы аптада56185
  • Кеше9130
  • Бүгін1819
  • Желіде:111

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда55
  • Осы аптада7
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026