🌳 Төлеген Айбергенов аллеясы жасыл желекке бөленді!
21.04
0
🌳 Төлеген Айбергенов аллеясы жасыл желекке бөленді! Бүгін, 20 сәуір, мектебіміздің ауласында ерекше рухани әрі экологиялық іс-шара өтті. Ақиық ақын, мектебіміз атын иеленген тұлға — Төлеген Айбергеновтің құрметіне арналған аллеяны көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. ✨ Іс-шараның құрметті қонақтары: Ақынның мұрасын ардақтап келген қыздары — Айбергенова Айнар Төлегенқызы мен Айбергенова Махаббат Төлегенқызы. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері: танымал журналист Мәди Манатбек және «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы, медиа зерттеуші Төлен Зәрубайұлы Тілеубай қатысып, игі іске өз үлестерін қосты. 🌱 Аллеямызға отырғызылған көшеттер мектеп ауласының сәнін келтірді. Бұл көшеттер — мектебіміздің болашақ жасыл желегі ғана емес, ұлы ақын рухына деген тағзым мен ұрпақ сабақтастығының белгісі. Табиғатты аялау — баршамыздың міндетіміз!