Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Абай облысында шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған шебер-сынып өтті

26.03
0
Абай облысында шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған шебер-сынып өтті

Абай облысының әкімі Берік Уәлимен бекітілген 2025-2026 жылдарға арналған өңірдің шағын жинақты мектептерінің әлеуетін арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында маңызды қадамдар жүзеге асырылуда.

Осы стратегиялық құжат шеңберінде білім басқармасы мен «Білім-Инновация» ХҚҚ бірлесіп «Қазақстан халқына» ҚҚ және «Jelken foundation» ҚҚ ғылым, цифрлық, әмбебап кабинеттерімен жабдықтаған 36 шағын жинақты мектептің физика, химия, биология пән мұғалімдеріне «Заманауи цифрлық технологиялар мен зертханалық жабдықтарды жаратылыстану пәндерінде тиімді қолдану» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

Шебер-сынып бағдарламасы негізгі келесі үш бөлімді қамтыды: І бөлімде интерактивті панельдің негізгі функциялары мен құралдарының оқу материалдарын көрнекі түсіндіруге арналған мүмкіндіктері; ІІ бөлімде MozaBook платформасында 3D модельдерді, виртуалды зертханалар мен интерактивті тапсырмаларды физика, химия, биология пәндерінің сабақ жоспарына біріктіру үлгісі; ІІІ бөлімде Pasco датчиктерін қосып, зертханалық тәжірибелер жасалып көрсетілімдер жүргізілді.

Бұл шара педагогтердің кәсіби даму әлеуетін көтеруге, мектептер арасындағы әдістемелік байланысты күшейтуге және шағын жинақты мектептерде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Шебер-сынып барысында мұғалімдер замануи жабдықтармен жаңа материалды беру әдістері, дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар, бақылау түрлері туралы білімдерін жетілдірді.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда171970
  • Осы аптада54706
  • Кеше9130
  • Бүгін340
  • Желіде:147

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда55
  • Осы аптада7
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026