Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Uzdik IT Ustaz» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ және «Abai IT-Valley» ЖШС ұйымдастыруымен өткізілді.
27.03
0

Олимпиаданың мақсаты - информатика мұғалімдерінің олимпиадалық тапсырмалар бойынша білімін тереңдету, жаңа цифрлық контентті меңгеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мұғалімдердің кәсіби бағдар мәселесіне қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне 3 іріктеу кезеңінен өткен информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар esep.cpfed.kz онлайн-платформасында 5 есептен тұратын үш сағаттық контест түрінде тапсырмалар орындады.
Есептер информатика пәнінен классикалық олимпиадалық форматта құрастырылған. Педагогтер есептің шешімін С/С++, Java, Python бағдарламалау тілдерінің бірінде жазылған бағдарлама түрінде ұсынды.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша I, II, III дәрежелі диплом және сыйлықтармен марапатталды. 1 орын - Семёнов Сергей, Бородулиха ауданы;
1 орын - Ахмет Мирас, «Облыстық дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ; 2 орын - Шақарманов Айтбек, Семей қаласы; 2 орын - Касымова Анар, Үржар ауданы; 3 орын - Понамарёв Александр, Бородулиха ауданы; 3 орын - Муршель Татьяна, Семей қаласы.
Олимпиаданың Республикалық қорытынды кезеңі Астана қаласында өтеді.