Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Akelius жобасы: цифрлық білім беру жолындағы нақты қадамдар

30.03
0
Akelius жобасы: цифрлық білім беру жолындағы нақты қадамдар

«Akelius цифрлық тіл үйрету бағдарламасы» жобасы аясында Семей қаласының білім беру ұйымдарында кешенді техникалық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, мектептердегі интернет желісі тексеріліп, оның тұрақтылығы қамтамасыз етілді, роутерлер бапталып, желі сапасы жақсартылды. Сонымен қатар, оқу құрылғыларына қажетті бағдарламалар орнатылып, жаңартылып, планшеттер оңтайландырылып, артық (ойын және т.б.) қосымшалар жойылды.
Жоба барысында Akelius қосымшасы толық енгізіліп, оның жұмыс істеу сапасы тұрақты бақылауға алынды. Мұғалімдерге техникалық қолдау көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ оқушылар мен педагогтардың аккаунттары реттелді.
Аталған жұмыстар Семей қаласындағы №50 IT-мектеп-лицейі, №20 және №10 жалпы орта білім беретін мектептерінде өткізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім беру ұйымдарында тұрақты цифрлық орта қалыптасып, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және білім сапасын арттыруға мүмкіндік жасалды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда175641
  • Осы аптада56111
  • Кеше10661
  • Бүгін7842
  • Желіде:204

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда58
  • Осы аптада10
  • Кеше1
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026