Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Білім беру сапасын арттыру, халықаралық мамандармен тәжірибе алмасуды дамыту және шет тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 31 наурыз күні ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

01.04
0
Білім беру сапасын арттыру, халықаралық мамандармен тәжірибе алмасуды дамыту және шет тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 31 наурыз күні ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарға Oxford University Press халықаралық баспасының ресми өкілдері қатысып, «Keys to Motivate Students in the Classroom» және «Energizing the Classroom for Stronger Engagement» тақырыптарында мазмұнды дәрістер мен практикалық жұмыстар ұсынды. Оқыту семинарына барлығы 110 педагог қатысып, оқыту үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, белсенділігін күшейту және заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарымен танысты.
Сонымен қатар, InterPress Distribution компаниясы ұстаздар қауымын қолдау және әлемдік озық білім беру стандарттарын насихаттау бағытындағы жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті. Алдағы уақытта да осындай кәсіби семинарлар ұйымдастырылып, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетілмек. Бұл шара мұғалімдердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, халықаралық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік жасады.
Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда174376
  • Осы аптада54846
  • Кеше10661
  • Бүгін6577
  • Желіде:214

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда57
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026