Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ

06.04
0
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ
Көкпекті ауданында «Ұрпақ жүрегіне жол» облыстық жобасы аясында көшпелі тимбилдинг ұйымдастырылып, 500-ге жуық ата-ана, педагог және оқушы қатысты. Шара барысында түрлі бағыттағы танымдық әрі тәрбиелік алаңдар жұмыс істеді. «Саналы жол» алаңында саналы өмір мен дұрыс таңдау құндылықтары насихатталса, «Сүйіспеншілікке жол» алаңында сенім, сыйластық және адамгершілік тақырыптары қозғалды. «Заң және тәртіпке жол» алаңында құқықтық сауаттылыққа мән беріліп, буллинг пен кибербуллингтің зияны талқыланды. «Әділдік пен адалдыққа жол» алаңы адал еңбек пен әділдіктің маңызын түсіндіруге арналды. Сондай-ақ, «Ұлттық құндылықтар жолы» алаңында салт-дәстүр мен отбасылық тәрбие насихатталып, «Салауатты санаға жол» алаңында денсаулық, зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері қарастырылды. «Болашаққа жол» алаңында кәсіби бағдар, «Ізгілік пен мейірімділікке жол» алаңында адамгершілік құндылықтар, ал «Шәкірт жүрегіне жол» алаңында мұғалім мен оқушы арасындағы сенім мәселелері талқыланды. Экологиялық тәрбие «Тазалық пен экологиялық мәдениетке жол» алаңында көтеріліп, «Парыз бен ерлікке жол» алаңы елжандылық пен азаматтық жауапкершілікке бағытталды. Аталған тимбилдинг қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, рухани-адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттауға ықпал етті. #адал_азамат_абай_облысы


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда173787
  • Осы аптада54257
  • Кеше10661
  • Бүгін5988
  • Желіде:123

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда57
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026