Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

✨ 2026 жылғы 3 сәуір күні Семей қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия базасында ерекше мазмұнды облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

06.04
0
✨ 2026 жылғы 3 сәуір күні Семей қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия базасында ерекше мазмұнды облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

🇰🇿 Биылғы жыл — еліміз үшін айтулы даталарға толы. Көрнекті педагог, академик Қанипа Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл шара «Абай даналығы мен Қанипа Бітібаева әдістемесі: ұлттық білім берудің рухани-ғылыми негіздері» тақырыбын арқау етті.
Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының мазмұндық жəне ғылыми тиімділігін көрсетті.

📍 Абай даналығы мен Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасын өзара сабақтастыра отырып, ұлттық білім берудің рухани және ғылыми негіздерін айқындау, оларды заманауи білім беру жүйесіне енгізу жолдарын талдау және кеңінен насихаттау.

Өңірімізде Қанипа Омарғалиқызының республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасының филиалы табысты жұмыс істеп келеді.
Бүгінде мұндай филиалдар Абай облысының Абай, Аягөз, Жарма және Көкпекті аудандарында жүйелі қызмет көрсетуде.

🎤 Семинар барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім беру мазмұны Қазақ филологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Ахмер Біржан Ермекұлы, Шәкәрім университетінің профессоры, ғалым Еспенбетов Арап Слямұлы, Л. Н. Гумилев атындағы Ұлттық Университеті филология ғылымдарының кандидаты, “Қазақ әдебиеті” оқулығының авторы Ақтанова Айман Советқызы ұстаз әдістемесінің ғылыми негіздеріне тоқталды.

❤️ Іс-шараның ең әсерлі сәттері — шәкірттері мен жақын туыстарының естеліктері болды.Ақын Д.Омарбаева, Б.Бапышев, Мукашева М.К және ұстаздың сіңлілері Бақытгүль Омарғалиқызы, Жаңыл Омарғалиқызы, қызы Жанадилова А.К Қанипа Бітібаеваның тұлғалық болмысы мен адами қасиеттері туралы тебірене сыр шертті.
Семинар тек теориямен шектелмей, ашық сабақтар керуеніне ұласты.

Абай, Аягөз, Жарма, Көкпекті аудандарындағы филиалдардың жұмысы таныстырылып, заманауи білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді.

🌿 Бұл семинар — тек тәжірибе алмасу ғана емес, ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.

🇰🇿Ұлттық білімнің рухани-ғылыми темірқазығы болған бұл іс-шара жас ұрпақ тәрбиесіне жаңа серпін бермек!
Ұлылардың жолы – ұрпаққа аманат!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда173501
  • Осы аптада53971
  • Кеше10661
  • Бүгін5702
  • Желіде:114

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда57
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026