Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара ынтымастығын нығайту, әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында және 📝2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес вебинар өткізілді.

08.04
0

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара ынтымастығын нығайту, әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында және 📝2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес вебинар өткізілді.

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Г. Ахметова әдістемелік кабинет әдіскерлеріне барлық бағыттар бойынша көмек көрсетіліп келе жатқандығын, әлі де алда осы бағытта жұмыс жүйелі түрде жалғасатындығын атап өтті.
📚Мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш бөлімінің басшысы А.Жумагулова Абай облысы бойынша мектепке дейінгі білім саласының жұмыстарымен таныстырды. Атап айтсақ, «Жасыл балабақша» және «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасын іске асыруда Абай облысының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің нәтижелі жетістіктері мен әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын ашып көрсетті. Педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсібиліктерін жетілдіруге бағытталған жұмыстарын атап өтті.
🧬Тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А. Абдухамитов «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен әлеуметтік жобаларды кіріктіру жолдарын таныстырды. Бұл жұмыстар білім алушылар, ата-аналар және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Атап айтқанда, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарын оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу тетіктері түсіндіріліп, тәрбие жұмысын жүйелеу шеңберінде облыстық жобаларды жүзеге асырудың нақты алгоритмдері ұсынылды. Сонымен қатар, тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Көрсетілген әдістемелік қолдау әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етіп, тәрбие жұмысының сапасын жақсартуға және білім беру ұйымдарында тиімді тәрбиелік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда172946
  • Осы аптада53416
  • Кеше10661
  • Бүгін5147
  • Желіде:295

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда57
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026